Басты бет Жаңалықтар ҰҚК Шымкентте бизнесмендерді бопсалап келген қылмыстық топты ұстады

ҰҚК Шымкентте бизнесмендерді бопсалап келген қылмыстық топты ұстады

ҰҚК мен Ұлттық ұлан қызметкерлері банданы жергілікті кәсіпкерлердің бірінен 10 мың доллар бопсалап алып жатқан жерінде қолға түсірді.

Бейтарап фото: Inforesist.org

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесін ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, бұл топ жергілікті бизнесмендерді қорқытып, олардың ірі көлемдегі қаражатын тартып алып отырған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент бойынша департаментінің мамандары қылмыстық топ мүшелерін Ұлттық ұланның арнайы бөлімшесімен бірге ұстады.

Қылмыстық топтың мүшелеріне зорлық-зомбылық, оның ішінде атыс қаруын қолданып қылмыс жасады деген күдік келіп отыр. Олардың дені — деструктив діни ағымның өкілі, бұрын бірнеше мәрте сотталған.

Банда мүшелері кезекті кәсіпкерге күш қолданып, өміріне қауіп төндіріп, 10 000 АҚШ долларын қорқытып алу сәтінде ұсталды. Тінту жүргізіліп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қару-жарақ арсеналы бар жасырын орны анықталды, 5 бірлік атыс қаруы және олардың оқ-дәрісі тәркіленді. Қазіргі уақытта олардың діни себептер бойынша жасауы ықтимал қылмыстық құқықбұзушылық фактілері тексеріліп жатыр, — делінген хабарламада.

ҚР ҰҚК арнайы операция
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version