Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев елдегі экономикалық ахуалға баға берді

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі экономикалық ахуалға баға берді

Тұңғыш Президент ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк арасындағы 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім жөнінде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ерболат Досаев. Фото: Аkorda.kz

Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Елбасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ерболат Досаев Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берді.

Қазіргі уақытта мұнай бағасының өсіп келе жатқаны байқалып отыр. Еліміздегі экономикалық ахуал мен теңге бағамы тұрақты. Жақында Ұлттық банк пен Үкімет тұрғындар үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Сіздердің тарапыңыздан бұл дұрыс шешім деп ойлаймын, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ұлттық банк төрағасы Тұңғыш Президентке қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету мен инфляция деңгейін сақтау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы да мәлімдеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version