Басты бетЖаңалықтарРесей Алматы...

Ресей Алматы облысы аумағында атом электр станциясын салуы мүмкін

Алматы облысында атом электр станциясы құрылысы үшін орын бөлінген. Бұл туралы Парламент Сенаты отырысының кулуарында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанда АЭС салу мәселесі әлі түпкілікті шешілген жоқ.

АЭС құрылысы туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Біз әзірше тек алаң бөлдік, бізге анағұрлым сай келетін технологияны таңдаймыз. Әлі талқылаймыз, — деді Мағзұм Мырзағалиев.

Энергетика ведомствосы басшысының орынбасары атом электр станциясын салу мәселесі зерттеуді қажет ететінін айтты. Құрылыс үшін алаң Алматы облысындағы Үлкен елді мекені аумағынан алдын ала бөлініп отыр.

3 сәуір күні Қазақстан мен Ресей басшыларының ресми кездесуі барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда Ресей технологиясы бойынша атом электр станциясын салуды ұсынды.

ДереккөзZakon.kz