Басты бетЖаңалықтарАтырау өңірі...

Атырау өңірі сегіз айда 2 трлн 566 млрд теңгенің өнімін шығарды

Атырау облысының әкімінің орынбасары Қашаған жобасының қашан жүзеге асырылатынын хабарлады.

«Біз Қашаған жобасының іске қосылуын күтіп отырмыз. Бұл жобаны осы жылдың қазан айында іске қосуды жоспарлап отырмыз», — дейді Әлібек Нәутиев.

Нәтиевтің айтуынша, Атырау облысы алдағы жылы апатты мектептерден толығымен құтылады.

«Облыста шешімеген мәселелер бар. Оның ішінде апатты жағдайдағы мектептерді айтуға болады. Бізде апатты 6 білім ошағы бар. Оның бесеуінің құрылысы басталды, ал үшеуінің құрылысы биыл аяқталады. Алтыншы мектептің құрылысы осы жылы басталады. 2017 жылдың аяғына дейін апатты мектептерден толығымен құтыламыз», — дейді ол.

Сонымен қатар, Атырау облысы әкімінің орынбасары өңірде оқушылардың оқулықпен және ыстық тамақпен қалай қамтамасыз етіліп жатқандығына тоқталды.