Басты бет Жаңалықтар Елбасы кеңсесін құруға 1 миллиард теңге жұмсалады

Елбасы кеңсесін құруға 1 миллиард теңге жұмсалады

Қаржы вице-министрінің айтуынша, 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке үш бағыт бойынша түзету енгізіледі.

Назарбаев орталығы. Фото: Miroved.com

Елбасы кеңсесін жасауға 1 миллиард теңге қажет болады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева Сенаттың қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысының кулуарында айтты.

Татьяна Савельеваның айтуынша, Сенат шеңберінде 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке үш бағыт бойынша түзету енгізіледі. Олар Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне, жалақының 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап өсуіне және Елбасы кеңсесінің құрылуына байланысты.

Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне келсек, ол — заң мәтіні мен оның артық қаражатты талап етпейтін қосымшасы бойынша техникалық түзетулер. Шығындардың көбеюі көп жағдайда жалақының 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап өсуіне байланысты. Бір айға 37 миллиард теңге сомасында қосымша шығын қажет болады. Қалған ақша — жаңа мемлекеттік органды құру. Ол тіркеліп қойды — Елбасы кеңсесі, — деді Татьяна Савельева.

Журналистердің «Елбасы кеңсесін жасауға бюджеттің 1 миллиард теңгесі жұмсала ма?» деген сауалына вице-министр «Иә» деп жауап берді. Ол Астана атауының өзгеруіне байланысты бюджеттен қосымша қаржы жұмсалмайтынын қайталап айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version