Басты бет Жаңалықтар Президент жарлығы: 1 қазанда полицейлерді аттестаттау басталады

Президент жарлығы: 1 қазанда полицейлерді аттестаттау басталады

Қазақстан Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы жарлығына полиция қызметкерлерін 2019 жылғы 1 қазан мен 2020 жылғы 31 наурыз аралығында кезектен тыс аттестаттау туралы өзгеріс енді.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» жарлығына өзгеріс енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев шығарған жарлыққа мынадай өзгеріс енгізді:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды 2019 жылғы 1 қазан мен 2020 жылғы 31 наурыз аралығында өткізсін, сонымен бірге осы жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version