Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» жарлығына өзгеріс енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев шығарған жарлыққа мынадай өзгеріс енгізді:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды 2019 жылғы 1 қазан мен 2020 жылғы 31 наурыз аралығында өткізсін, сонымен бірге осы жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.