Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев туған ауылына барды

Нұрсұлтан Назарбаев туған ауылына барды

"Атамекен" тарихи-мәдени орталығының алдына 3000-нан астам жергілікті тұрғын жиналды.

Нұрсұлтан Назарбаев туған ауылында. Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы Шамалған ауылының тұрғындарымен кездесті.

Тұңғыш Президенттің алдында «Азарт» би ансамблі өнер көрсетті. Нұрсұлтан Назарбаев туған ауылында бес жыл бұрын құрылған жас ұжымның өнерін бұған дейін Талдықорғанда және Нұр-Сұлтанда тамашалаған.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде сол кезде Алматы облысының Қаскелең ауданына қараған осы Шамалған ауылында дүниеге келген. Бүгінде ауылда 20 мыңға жуық адам тұрады. Жергілікті халықтың көбі Шамалғандағы үш ірі кәсіпорында жұмыс істейді. Ауылда ұн өнімдерін, табиғи шырындар және жиһаз өндіретін кәсіпорындар, бес мектеп пен екі колледж бар.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Алматыда болған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version