Геннадий Головкин Алматыға келетін болды

“24 қыркүйек күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ерекше шара өтеді. Спорттық шара Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына орай өткізілейін деп отыр. Кештің басты оқиғасы 91 келі салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін боксшылар тартысқа түседі. Қазақстандық Иса Ақбербаев неміс Майк Курцвейлмен қолғап түйістіреді”, – деп хабарлады Рустам Абдусаламов.

Промоутердің айтуынша, Иса Ақбербаевты қолдауға танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де келмек.

“Бұл өз кезегінде сол бокс кешінде рингке шығатын қазақстандық спортшыларды жеңіске жетелейді, ерекше күш береді. Сондай-ақ, кештің сыйлы қонақтарының бірі, еліміздің атын талай мәрте халықаралық деңгейде шығарған Василий Жиров”, – деп атап өтті промоутер.

Бұл кеште сатылған әрбір оныншы билеттің бағасы қайырымдылыққа жұмсалмақ.

ДереккөзҚазАқпарат