Қаржы Министрі Бақыт Сұлтанов «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге жұмсалатын қаржы туралы айтты.
«2017-2019 жылдары «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін даярлау және жүргізуге 110,8 млрд теңге қарастырылды», — дейді министр.
Министрдің айтуынша, жобаға сәйкес, 2017 жылы халықаралық көрме бюросымен өзара ынтымақтастық шараларға, көрмені ұлттық және халықаралық мәдени, спорттық шараларда жарнамалауға 77 млрд теңге жұмсау жоспарланған. Ал қалған сома көрме пайдалануға берілгеннен кейін жұмсалады.
«2018-2019 жылдарға жоспарланған 33,8 млрд теңге ЭКСПО нысандарын көрмеден кейін пайдалануға жұмсалады», — дейді Бақыт Сұлтанов.
ЭКСПО, олимпиада деген шығыны ақталмайтын проекттер.
азиада-2011 салғанда да миллиондап $ шашып сол ақша қайтқан жоқ. сол кезде салған объекттер қазір қаңырап ешкімге керексіз болып бос тұр….
ЭКСПО да солай қалады.
ЭКСПОны Шанхай, Лондон, Вашингтон сияқты әлем астаналарына салынғанда ғана шашқан ақша қайтады. себебі ондай дамыған қалаларға барғысы келетін адамдар көп. ал біздің алба-жұлба Астанамызға есі дұрыс туристтің келмесі анық
Өте дұрыс жазылған, ЭКСПО ның бізге берері көп, ал жатып алып кері тартпалар үшін бас ауыртудың қажеті жоқ, олар үшін бұл әлем бар қызығынан айрылған.
сен Сұлтановтың ағайыы емессің бе,әлде саған ақша беріп отырған болар неменеге қолдап отырсың байларды сонша,,,мынау сұмдық қой,,ақшаны босқа шашып жатыр емес пе,,атаңа нәлет тұқымдары өспегірлер ақшаның бәрін жеп…
Астана ұнамаса Шанхай, Вашингтон немесе Лондонға барып тұрыңыз, білгіш мырза немесе ханым, мүмкін ол жақта сізді құшақ жая қарсы алар.
26-жыл сандырақтап той-тойлап жүрміз. Бізден арта қалған қытай қандай жетістікке жетті. Бірақ қаласының адамы тұратын біз құр мақтану мен бөсіп кеудеге нан пісіруден жан салдырмаймыз. Нәтижеге еш жауапкершілік жоқ болса не өнеді.
БІЗДЕ КАНША МЕДАЛЬ БАР