Басты бет Жаңалықтар Әділ Тұрсынов Тұңғыш Президент кеңесшісі болып тағайындалды

Әділ Тұрсынов Тұңғыш Президент кеңесшісі болып тағайындалды

Ол үш жылдан бері Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып жұмыс істеген еді.

Әділ Тұрсынов. Фото: Dknews.kz

Тұңғыш Президент — Елбасы кеңсесінің ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі әрі Елбасы кеңесшісі тағайындалды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының кеңесшісі — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кеңсесінің ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, — делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімінде.

Әділ Тұрсынов 1973 жылы Алматыда туған. 1994 жылы Қазақ басқару мемлекеттік академиясын, 2001 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатия академиясын тәмамдаған.

1994-2008 жылдары еліміздің сыртқы саясат ведомствосында, Қазақстанның Үндістан, Әзірбайжан, Сингапур елдеріндегі елшіліктерінде қызмет етті. 2008 жылы Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды. 2009-2016 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаментінің директоры, Грузиядағы кеңесші-уәкіл, ҚР СІМ ТМД департаментінің директоры қызметтерін атқарды. 2016 жылдың мамырынан бері Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version