Қазақстан құрамасының ойыншысы Дуглас алғашқы 58-секундта Коста-Риканың қақпасына гол салды. 15-минутта костарикалық Алехандро Паньяга есепті теңестірсе, бір минут өтпей жатып қазақстандық Павел Таку есені жібермей, құраманы алға шығарды. Ал, екінші таймның басында Лео айып добынан кейін костарикалық қақпаға үшінші допты салды.
Осы кездесуден кейін қазақстандық құрама Е тобындағы екінші орынға көтерілді. Дәл осындай ұпайды Аргентина мен Соломон аралдарының құрамасы да еншілеген болатын. Енді олар өзара кездесу өткізеді.
Ал, қазақстан құрамасы турнирдің бастапқы кезеңінде аргентиналықтардын жеңіліп қалған еді. Келесі кездесу Соломон аралдарының құрамасымен болады. Ол 19 қыркүйек күні Астана уақытымен 03:00-де өтеді. Тікелей трансляцияны «Қазақстан» арнасынан көруге болады.
Спорттағы жаңалықтар шынында да қуантады. Жеңіс құтты болсын!
Қазақстан құрамасы футзалдан Әлем кубогына шыққанның өзі жеңістік. Бірақ аргентинадан ұтылып қалғаны дұрыс болмады. Қанша дегенмен Қазақстанның Қайрат футзалы Барселонаны жеңіп әлем чемпионы атанған клуб еді ғой.
Видеосы
https://www.youtube.com/watch?v=483EuCI3rGg
құрамадағы қақпашы Никитаның кесірі Аргентинадан жеңіліп қалдық,,шошаңдап алаңға ешкі құсап шаба береді екен,сол нәйістің кесірі ,,,,тұрмай ма қақпасында…