Басты бет Жаңалықтар Ақтауда мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері бес жылға сотталды

Ақтауда мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері бес жылға сотталды

Маңғыстау облысының Мемлекеттік кіріс департаментінің бұрынғы қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі сурет

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтау қалалық сотында Маңғыстау облысының Мемлекеттік кіріс департаментінің қауіпсіздік басқармасының ішкі тергеу бөлімінің бұрынғы басшысы Қайрәлиевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Қайрәлиев Маңғыстау облысы бойынша «Ақтау ЦТО» кеден бекеті басшысының қызметіне жалпы ықпал жасағаны үшін 2000 АҚШ доллары көлемінде пара алуға оқталған», — деді соттағылар.

Ақтау қалалық сотының үкімімен Қайрәлиев ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігінде, 366-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өзіне тиісті жеке мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.

«Сонымен қатар, Ақтау қалалық соты ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің бірінші  басшысының атына және Атырау облыстық адвокаттар алқасының атына анықталған заң бұзушылықтар туралы жеке қаулы шығарды», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version