Басты бет Жаңалықтар Синоптиктер алдағы үш күнде жаңбыр жауатынын болжады

Синоптиктер алдағы үш күнде жаңбыр жауатынын болжады

Қазақстанға қазір Өзбекстан үстінде тұрған циклонмен байланысты бұлтты массив пен Ресей аумағындағы атмосфера фронттары келеді.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Parallel Studio

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28-30 наурыз күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Мамандардың болжамына қарағанда Өзбекстан үстінде қалыптасқан циклонмен байланысты белсенді бұлтты массив солтүстік-шығыс бағытта жылжиды. Онымен бірге алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.

Солтүстік-шығыс бағытта жылжыған циклон жауын-шашынға себеп болады, республикамыздың орталық, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында жаңбыр жауады. Сонымен бірге Ресейдің еуропалық бөлігінен еліміздің батыс және солтүстік облыстарына атмосфералық фронттар жылжиды. Бұл өңірлерде жаңбыр, жылбысқы қар жауып, түнгі және таңертеңгі мезгілде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 3-5 градусқа жоғары болады, — дейді синоптиктер.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version