Қасым-Жомарт Тоқаев мұқтаж азаматтарға пәтер беруді жеделдетуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру саясатын жалғастыруды міндеттеді.

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстар әкімдерін қатыстырып кеңес өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Ақордадағы кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру бағытын жалғастыруды міндеттеді. Соның ішінде, Президент әкімдерге әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер беру мәселесін жеделдетуді және бұл үдерісті биылғы мамыр айынан бастауды жүктеді, — деп хабарлады Ақорданың баспасөз хатшысы.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымға қатысты жүйелі мәселелерді шұғыл шешу және мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы тиімді байланыстарды жолға қою қажет екенін де айтты.

Мемлекеттік органдар тарапынан коммуникацияның заманауи арналарын пайдалана отырып, тиімді түсіндіру жүргізу қажеттігі аталды. Президент өңір әкімдерінің халықпен үнемі кездесуге және елді мекендерді жиі аралауға тиіс екенін де айтты, — деп жазды Берік Құрманғали.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін 40 мыңнан астам пәтер салуды тапсырған еді.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстан халқы ассамблеясының XXХІI сессиясы 26-27 сәуірде өтеді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Өткен тәулікте Қазақстанда 34 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Өткен тәулікте елімізде 34 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елімізде жанармайдың көтерме саудасына шекті баға қойылуы мүмкін

Қазақстанда бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін. Мұндай бұйрық "Ашық НҚА" сайтына шықты. 

Наурыз тойлау шариғатқа қайшы ма? — ғалымдар пікірі

Наурыз мейрамы мұсылмандыққа қайшы деген пікір бар. Наурыз тойлау халал ма? Бұл туралы ҚМДБ маманы Хасан Аманқұл мен тарихшы, дінтанушы Ернар Атаулан тарқатып айтты.

Президент шахматшы Динара Сәдуақасованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана шахмат федерациясының құрметті президенті Динара Сәдуақасованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Бірмандатты округтер бойынша мәжіліске өткендер тізімі белгілі болды

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліске бір мандатты округтер бойынша сайланғандардың тізімін жариялады.