Алмат Мадалиев Әділет министрінің орынбасары болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмат Мадалиев ҚР Әділет министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алмат Мадалиев 1986 жылы Алматыда дүниеге келген. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін, Джордж Вашингтон университеті жанындағы Заң мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. 2010-2019 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау бойынша департаментінің құрылымында бас сарапшы, директордың орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарды.