Басты бет Экономика Қай салада еліміздің әрбір бесінші азаматы жұмыс істейді?

Қай салада еліміздің әрбір бесінші азаматы жұмыс істейді?

2018 жылдың 4-тоқсанының соңына қарай ірі және орта кәсіпорындардағы жұмысшылардың нақты саны 2,6 миллион адам болды. Көрсеткіш бір жыл ішінде 27,8 мың адамға, 1,1%-ға көбейген. 2017 жылдың сондай кезеңімен салыстырғанда қызметкерлер саны 22,5 мың адамға артқан (2,58 миллион немесе 0,9%).

Иллюстрация: Dribbble.com ©Fireart Studio

Finprom.kz-тің мәліметінше, ірі және орта кәсіпорындардағы жұмысшылар саны бойынша Алматы алда — 398,2 мың адам. Екінші орында Қарағанды облысы — 251 мың адам. Нұр-Сұлтан үшінші орында — 221,2 мың адам.

Жұмысшылардың нақты санының бір жылда көбеюі бойынша Атырау облысы алда — 8,6%. Алматы облысы екінші орында — 7,2%, үшінші орында Нұр-Сұлтан — 3,9%.

Бір жыл ішінде жұмысшылар санының ең көп қысқаруы Маңғыстау облысында тіркелген — 2,2%.

Ірі және орта кәсіпорын жұмысшыларының нақты санының 53,5%-ы үш шешуші салада — өнеркәсіп, білім беру және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет. Өнеркәсіп саласында 612,1 мың адам, білім беру саласында 431,2 мың адам, медицина және әлеуметтік қызмет саласында 348,6 мың адам жұмыс істейді. Статистикаға қарағанда өнеркәсіп орындарында еліміздің әрбір бесінші азаматы еңбек етеді.

Басқа салалардағы ахуалға келсек, көтерме және бөлшек сауда саласында жұмысшылар санының көбеюі байқалып отыр, бір жылда 12,1 мың адамға немесе 8,8%-ға көбейген. Жұмысшылар санының айтарлықтай азаюы қаржы және сақтандыру саласында тіркелді — бір жылда 6,7 мың адамға қысқарған. Пайыз бойынша алғанда жұмысшылар санының ең көп азаюы жылжымайтын мүлік операциялары саласында анықталды — бір жылда 28,8%-ға қысқарған.

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Fireart Studio)

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version