2016 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласында жаңа тәуелсіз қазақстандық консалтингтік компаниясы – Стратегиялық бастамалар орталығының (CSI) Стартегиялық кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Қадағалау кеңесінің құрамына: Б. Ақшолақов, Д. Ерғожин, О. Жандосов, Д. Ыдырысов, Д. Қалетаев, В. Ким, Н. Құсайынов, К. Рақышев, сондай-ақ Орталықтың аға серіктестері Д. Сәдуақасов пен Олжас Құдайбергенов сияқты мемлекеттік менеджерлер мен бизнесмендер енді.
Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов Орталықтың Қазақстан үшін жаңашылдығы мен бірегейлігі неде екендігін былайша түсіндірді:
«Халықаралық консалтингтік компаниялар сапасы жоғары құжаттар дайындауға мүмкіндік беретін ішкі рәсімдердің жоғары сапалық деңгейіне ие, алайда бұл ретте жергілікті ерекшеліктерді жеткіліксіз түсінуге байланысты мәселелер жиі айтылады.
Сол себепті Стартегиялық бастамалар орталығына жергілікті ерекшеліктерді де жақсы түсінетін және халықаралық консалтингтік құрылымдардағыдай жоғары сапамен де қамтамасыз ететін команда жинадық».
Олжас Құдайбергенов Орталықтың негізгі қызметтері: стратегиялық консалтинг, біріктіру мен жұтылулар, кәсіпорынды қайта құрылымдау, жекешелендіру және инвесторларға қолдау көрсету бойынша консалтингтік қызмет көрсету, макроэкономика, мұнай-газ салалары, Қазақстан экономикасының қаржы және көліктік секторларында жоғары деңгейдегі аналитикалық материалдарды дайындау мәселелері болатынын атап айтты.
Орталықтың аға серіктесі Дәрмен Сәдуақасов Стратегиялық кеңесінің мүшелеріне Қазақстанда және шет елде көп жылғы жұмыс тәжірибесі бар серіктестер командасын таныстырды. Орталық көрсететін қызметтердің жоғары сапасы қазақстандық ерекшелікті жете түсінетін және әлемнің жетекші консалитнгтік команияларында жұмыс тәжірибесі бар кеңесшілер мен аналитиктердің кәсіби құрамын қалыптастыру есебінен қамтамасыз етілмек.
«Бизнес-құрылымдар немесе мемлекеттік сектор болсын, жоғары деңгейлі консалтингтік және аналитикалық қолдауға мүдделі болғандардың барлығына Стратегиялық бастамалар орталығымен ынтымақтастық жасау пайдалы болмақ. Клиенттердің қызығушылықтары, ақпаратты қорғау, кәсібилік пен жоғары құзыреттілік біздің құндылықтарымыз болып табылады», – деп атап өтті Дәрмен Сәдуақсов.
15 қыркүйекте болған Стратегиялық кеңестің бірінші отырысының шешімі ұсынымдық сипатта болды. Яғни, кеңес мүшелері клиенттердің коммерциялық және басқа да ақпараттарына қол жеткізе алмайтын болады. Сонымен қатар Стратегиялық кеңес мүшелерінің іс-тәжірибесі, білімі мен мәртебесі Стартегиялық бастамалар орталығы қызметінің жоғары корпоративтік стандартын жасауға мүмкіндік береді.
Стартегиялық кеңестің бірінші отырысына Стратегиялық зерттеу орталығының Даму тұжырымдамасы ұсынылып, талқыланды. Бірқатар ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Даму тұжырымдамасына сәйкес ағымдағы кезеңде әлемнің үздік стандарттарына сәйкес тиімді ішкі рәсімдер мен процестерді қалыптастыруға басты назар аударылатын болады. Мәселен, жақында көп кезеңнен тұратын кадрларды іріктеу және ынталандыру жүйесін енгізу, IT-инфрақұрылымын жасау, ар-намыс кодексін енгізу, жыл сайын аудиттен өткен қаржылық есептілікті жариялау және басқалар жоспарланған.
Стартегиялық кеңес отырысындағы талқылаулар қорытындысы бойынша Жол картасымен қоса бірқатар ішкі құжаттар бекітіліп, жобалау қызметінің басым бағыттары айқындалды.