Одақтас әріптестері Нұрсұлтан Назарбаевқа не айтты?

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан басшыларымен және Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттер одақтас саммит
Фото: Аkorda.kz

Владимир Путин

Мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін атқаруын 2019 жылғы 20 наурыздан бастап тоқтатуына байланысты қабылдаған шешімі жөнінде әңгімелесті.

Президенттер алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Шавкат Мирзиёев

Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай зор қимастық ниетін білдірді. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты “осындай маңызды шешім қабылдай білетін ұлы саясаткер әрі Президент” деп атады.

Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Сооронбай Жээнбеков

Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді. Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел халықтары арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта  тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Александр Лукашенко

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай шынайы қимастық ниетін білдірді. Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен көп жылғы достығын және Қазақстан мен Беларусь арасында орнаған тату-тәтті қарым-қатынастарды жоғары бағалайтынын атап өтті.

Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Никол Пашинян

Никол Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді. Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің екі ел арасындағы өзара табысты ықпалдастықты дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!