Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына мәлімдеме арнайды

Ақорданың баспасөз қызметі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен болатын алдағы іс-шаралардың аңдатпасын жария етті. Мемлекет басшысы қазақстандықтардың алдында сөз сөйлегелі отыр.

Бүгін, 19 наурызда сағат 19.00-де Мемлекет басшысы республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдеме жасайды, — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.