Басты бет Жаңалықтар Астанада автобус бағдарының кестелері уақытша өзгертілді

Астанада автобус бағдарының кестелері уақытша өзгертілді

Астанада 14 қыркүйектен бастап Абай даңғылы мен Сембинов көшесінің қиылысында, сондай-ақ, Абай даңғылының Уәлиханов және Бейсекбаев көшелері аралығындағы учаскесінде жол құрылысы жұмыстарының жүргізіле бастауына байланысты, №5, 8, 14, 22, 40, 42, 64, 73, 106 автобустарының бағдарлары уақытша өзгертілмек, деп хабарлайды Today.kz қала сайтына сілтеме жасап.

№8, 22, 40, 106 автобустарының жолы Уәлиханов көшесімен Кенесары көшесіне айналып өтіп, әрі қарай үйреншікті кестелері бойынша жалғасады. Қайтар жолда да автобустар қозғалысы осы кесте бойынша жүргізіледі.

№5, 14, 64, 73 маршруттар Уәлиханов –Кенесары –Бейсекбаев –Жубанов – Кенесары көшелерімен айналып, өздерінің бағдарына оралады. Көліктердің қайтардағы жолы да осы кесте бойынша  жүргізіледі.

№42 бағдары бойынша жүретін автобустар Сейфуллин көшесімен Сембинов көшесіне өтіп, әдеттегі жолына түседі. Қайтар жолы да осы кесте бойынша ұйымдастырылған.

Аталған автобус бағдарларының қозғалыс кестелері жол-құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін қалпына келтіріледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version