Басты бет Жаңалықтар Биыл 27 мыңнан астам адам баспанаға ие болады

Биыл 27 мыңнан астам адам баспанаға ие болады

2019 жылы 13,1 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үй салынады.

Амандық Баталовтың тұрғындарға қолжетімді баспана кілтін табыс етуі. Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл елімізде 118 мың пәтер пайдалануға беріледі. Үкімет отырысында бұл туралы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баяндама жасаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты.

2018 жылы тұрғын үй құрылысына барлық қаржы көзінен 1,2 триллион теңге инвестиция салынды. Бұл 2017 жылдың деңгейінен 8,1%-ға жоғары. Мемлекеттің 1 теңгесіне жеке инвестицияның 6 теңгесі тартылды. 12,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, рекордтық көрсеткішке қол жетті. Бұл 2017 жылдың деңгейінен 12,1%-ға жоғары. Барлығы 113,7 мың баспана салынды. Биыл біз 13,1 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Ол 118 мың пәтер болады, — деді ол.

Министрдің мәліметінше, мемлекеттік инвестициялар есебінен 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. 27 мыңнан астам мұқтаж адам баспанамен қамтамасыз етіледі.

Биыл жыл басынан бері барлық қаржы көзінен 1,7 миллион шаршы метр тұрғын үй немесе 15 мың баспана пайдалануға берілді. 5 өңірде тұрғын үйлерді ел игілігіне беру қарқыны төмендеген. Олар — Астана, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстары, — деді Роман Скляр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version