Басты бетЖаңалықтарЕрмек Алпысов...

Ермек Алпысов Ұлттық экономика министрінің орынбасары болып тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Ермек Алпысов Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ермек Алпысов 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы бастаған. Коммерциялық секторда қызмет етті. 2004-2008 жылдары Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары, 2008-2012 жылдары Талдықорған әкімінің орынбасары, 2012-2015 жылдары Талдықорған әкімі лауазымдарын атқарды.

Ермек Алпысов 2015-2017 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.

2017 жылдан бүгінге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Еске салайық, бұған дейін осы ведомство басшысының орынбасарлары болып Мәдина Әбілқасымова мен Мәди Тәкиев тағайындалған еді.