Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары болды

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Айдарбек Сапаров
Айдарбек Сапаров. Фото: Іnform.kz

Үкіметтің қаулысымен Айдарбек Сапаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 1966 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красный ауылында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы Калинин атындағы кеңшарда бастаған. Жекеменшік секторда жұмыс істеген. 2003-2006 жылдары “Азық-түлік корпорациясы” АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары, директорының бірінші орынбасары болды. Кейінгі жылдары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі, 2008 жылдың наурыз айынан 2010 жылдың сәуіріне дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі, 2010 жылдың сәуір айынан 2011 жылдың қыркүйегіне дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. Айдарбек Сапаров 2011 жылдың қыркүйегінен бүгінге дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.