Басты бет Жаңалықтар Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

Отырыста зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алуды жетілдіру бойынша шаралар қаралды.

Кәрім Мәсімов. Фото: Kaztrk.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Астанада Қазақстанның Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік орган басшылары отырыста белгіленген ортада зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алуды жетілдіру бойынша шараларды қарап, пысықтады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің № 2396 қарарын атқару шеңберінде аралық қорытындылар жасалып, одан әрі негізгі жұмыс бағыттары белгіленді. Терроризмге қарсы орталықтың отырыс нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешім қабылданды, — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Кәрім Мәсімовке ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы берілгені хабарланған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version