Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда қалай...

Қазақстанда қалай адвокат болуға болады?

Қазақстанда мынадай азаматтар адвокат бола алады:

  • жоғары заңдық білімі бар;
  • ҚР Жоғары Сот кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған немесе адвокаттар алқасында тағылымдамадан немесе аттестаттаудан өткен, сотта тиісті тағылымдамадан өткен  және облыстық немесе оған теңестірілген сотта пленарлық отырыста оң пікір алған немесе судья өкілеттігін тоқтатқан немесе прокуратура немесе тергеу органдарынан 10 жылдан кем емес прокурор немесе тергеуші лауазымында  теріс ниеттер бойынша жұмыстан шығарылуды қоспағанда, жұмыстан шығарылғандар;
  • адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алғандар.

Адвокаттық лицензияны қайдан алады?

Адвокаттық қызметке лицензияны алу үш кезеңде жүргізіледі. Олар: тағылымдама, аттестаттау, лицензия алу.

Егер сіз адвокат болу туралы шешім қабылдасаңыз, онда мынадай құжаттармен адвокаттардың аумақтық алқасына жүгіну қажет:

  • тағылымдамадан өтуге рұқсат туралы өтініш;
  • ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
  • жоғары заңдық  білім туралы дипломның көшірмесі (нотариалды куәландырылғаны);
  • заң мамандығы бойынша жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының көшірмесі;
  • психиатриялық және наркологиялық диспансерлердің медициналық анықтамалары;
  • сотталмағаны туралы анықтама.

Тағылымдамадан өтуді адвокаттар алқасының президиумы «Адвокаттардың тағылымдамадан өту тәртібі туралы» ережеге сәйкес  жүзеге асырады. Бұл тағылымдама а здегенде 5 жылдық тәжірибесі бар адвокаттың басшылығымен жүргізіледі. Тағылымдама ұзақтығы 6 айдан бір жылға дейінді құрайды.

Тағылымдамадан өту ақылы түрде жүзеге асырылады. Оның мөлшері мен мерзімі шартта көрсетіледі. Ережеге сәйкес, тағылымдаманың әр айы үшін төлем 10 АЕК аспайтын мөлшерде белгіленеді. 1 АЕК = 2 121 тг.

Тағылымдамадан өөткен уақыт заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі болып есептеледі.

Адвокаттық  қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту

Аттестаттаудан өту үшін аумақтық әділет органдарына мынадай құжаттарды жіберу керек:

  • өтініш;
  • ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • тағылымдамадан өту туралы қорытынды (адвокат береді);
  • жоғары заңдық білім туралы дипломның көшірмесі (нотариалды куәландырылғаны);
  • наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден медициналық анықтамалар;
  • сотталмағаны туралы анықтама;
  • тағылымдамадан өту туралы анықтама  (электронды түрде болмауы керек).

Сіздің құжаттарыңызды аттестаттау үшін арнайы комиссия қарастыратын болады. Комиссия 7 мүшеден, соның ішінде 3 адвокаттан тұрады. Олар аттестаттауға рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешім шығарады. Аттестаттауды жүргізу тегін жүргізіледі.

Комиссия материалды қарастырып, аттестаттауға жіберу туралы шешім шыққаннан кейін, аумақтық әділет органдары сізді аттестаттау орны, күні, уақыты, тәртібі туралы ақпаратпен 10 күнтізбелік күн бұрын хабардар етеді.

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады

ҚР заңнамасын білуге компьютерлік тест тапсыру және емтихан билеттері бойынша білімді тексеру. Аттестаттауды қазақ тілінде де, орыс тілінде де өтуге болады.

Аттестаттау өткеннен кейінгі келесі күні Комиссия аттестаттау немесе аттестаттамау туралы шешім шығарады. Аттестаттау туралы шешім оны шығарғаннан бастап 6 жыл ішінде жарамды болып табылады.

Материалда Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметінен материалдар қолданылды.