Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев 4 мемлекетке Қазақстанның жаңа елшісін тағайындады

Нұрсұлтан Назарбаев 4 мемлекетке Қазақстанның жаңа елшісін тағайындады

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы басшысы Қайрат Әбдірахмановқа Швеция Корольдігіндегі қызмет тиді.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен бірнеше адам Қазақстанның шетелдердегі елшісі болып тағайындалды және бұл қызметтерді бұрын атқарған адамдар лауазымынан босатылды. Тиісті жарлықтар Ақорданың сайтында жарияланды.

Президенттің жарлығымен Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне, Берік Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметіне, Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне, Асқар Тәжібаев Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Дастан Шериазданұлы Елеукенов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге Қайрат Қожамжаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметінен босатылды. Оның орнына Ғизат Нұрдәулетов тағайындалған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version