Басты бет Жаңалықтар Global Finance нұсқасы бойынша ForteBank биыл да үздіктер қатарында

Global Finance нұсқасы бойынша ForteBank биыл да үздіктер қатарында

12 наурызда Нью-Йоркте Global Finance журналы жыл сайынғы дәстүр бойынша 26-рет әлемнің үздік банктерін салтанатты жағдайда марапаттады.

Фото ForteBank баспасөз қызметінен

Global Finance журналының ұжымы қарқынды өсу, инновациялық технологияларды әзірлеу, енгізу және стратегиялық жобаларды іске асыру критерийлерін негізге ала отырып, жыл сайын 150-ден астам елдегі үздік қаржы институттарын анықтайды. Биыл да оңтайлы және ыңғайлы сервистерімен және керемет бизнес нәтижелерімен бірқатар банк лауреат деп танылды. Халықаралық басылымның оң көзқарасына ие болған қаржы ұйымдарының арасында қазақстандық ForteBank те бар.

Гурам Андроникашвили.
Гурам Андроникашвили. Фото банктің баспасөз қызметінен

Салтанатты рәсімде банктің басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили былай деді: «Біз үшін Global Finance журналының марапатын алу —  үлкен құрмет. Бұл марапатты екі жыл қатарынан иеленуіміз тұтынушыларға тиімді қызмет пен стратегияның дұрыс таңдалғанын растайды. Банк клиенттеріне үздік инновациялық өнімдерін ұсына отырып, капиталының жеткіліктілігі мен өтімділігі бойынша нарықта көшбасшылық позициясын сақтап қалады. Біз 2018 жылы барлық қаржылық және операциялық көрсеткіш негізінде айтарлықтай өсімге қол жеткізіп, активтер мөлшері бойынша Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің топ-3 құрамына кірдік. Ал бұл жетістігіміз халықаралық сарапшылар тарапынан бағаланғанына қуаныштымыз».

Айта кетейік, Global Finance талдаушыларының пікірінше, ForteBank қызметі нарықтағы позицияларының күшеюі, географиялық қамтуы және клиенттер үшін үздік инновациялық қызмет көрсетуі сияқты негізгі факторлар бойынша үздік деп танылып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version