Басты бетЖаңалықтарПрезидент қорғаныс...

Президент қорғаныс өнеркәсібінің мемлекеттік тапсырысы туралы заңға қол қойды

Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс өнеркәсібі саласына қатысты мемлекеттік тапсырыс туралы және қорғаныс, аэроғарыш, ақпараттандыру салаларындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері туралы заңдарға қол қойды.

Мемлекет басшысы елдің қорғаныс өнеркәсібі саласын кешенді реттеуге, сонымен бірге мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру мен орындауға бағытталған «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Заңға негіз болған жобаның мазмұнын мына жерден оқуға болады.

Қазақстан Президенті сонымен бірге «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға да қол қойды.