Жаңа Зеландия тарихында ең қаралы күндердің бірі болды. 15 наурыз күні Крайстчерч қаласындағы екі мешітте белгісіз біреулер оқ жаудырды.
Жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасаған «РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, лаңкестік шабуыл салдарынан 49 адам қаза тапты. Бұл мәліметті Жаңа Зеландия полициясының басшысы Майк Буш растады.
Бізге Динс-авенюдегі мешітте 41 адамның қайтыс болғаны белгілі. Линвуд мешітінде 7 адам опат болды. Ауруханаға түскен 40 адамның біреуі көз жұмды, — деді Майк Буш New Zealand Herald басылымына.
Кейін ауруханаға түскендердің қатары 48-ге жетті. Полиция мешіттердің жанына қойылған автокөліктерден қолдан жасалған бірнеше жарылғыш затты тауып, залалсыздандырды.
Мешіттердің бірінде оқ жаудырған Австралияда туған Графтон Брентон Таррант болып шықты. Ол шабуылды бастар алдында онлайн-трансляция жүргізіп, 37 беттік манифестін жария еткен, ол өз әрекетін террорлық акті деп мәлімдеді. Таррант өзінің ультраоңшыл көзқарасымен танымал екен. Күдікті қазір іздестіріліп жатыр. Одан басқа төрт адам ұсталған, бірақ полиция олардың тек үшеуінің ғана шабуылға қатысы бар деп отыр.
Елдің Премьер-министрі Джасинда Ардерн бұл оқиғаны ел тарихындағы ең қаралы күндердің бірі деп атады.