Ресей Қазақстанға «Протондарды» ұшыру кешенін береді

Екі тараптың бекіткен жоспар-кестесіне сәйкес, «Сұңқар» ракетасы сынақтан 2024 жылы өткізіліп, 2025 жылы коммерциялық мақсаттарға қолданыла бастайды. «Сұңқар» қолдануға берілгеннен кейін Роскосмос улы гептилмен ұшатын «Протон-М» және «Протон-light» зымыран тасығыштарын қолданудан бас тартуды ұсынып отыр.

«Біздің қазақстандық әріптестерімізбен ынтымақтастығымыз жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Біз «Бәйтерек» жобасының мамандарын ұшыру жұмыстарын ұйымдастыруға тартып отырмыз»,- дейді Хруничев орталығының басшысы Андрей Калиновский.

Ал Ғарыштық саясат институтының ғылыми жетекшісі Иван Моисеев «Протондар» 2025 жылдан кейін де ұшырылады деген пікірде. «Улы жанармай жөніне келсек, бұл, негізінен, пиар-технология. «Протондардың» жанармайы онымен тікелей жұмыс істейтіндер үшін зиянды, ал Қазақстан халқы үшін ол қауіп тудырмайды», — дейді Моисеев.

Дереккөз365.info.kz