WADA Рио Олимпиадасының жүлдегерлеріне допингке лицензия берген

«Рио Олимпиадасының медалистері әсері мықты тыйым салынған препараттарды тұрақты түрде қолданып келген. WADA терапия мақсатында пайдалану үшін  ресми түрде рұқсат беріпті. Басқаша айтсақ, спортшылар допингке лицензия алған», — деп жазады өздерін  Fancy Bear деп таныстырған хакерлер.

Ресейлік Fancy Bear хакерлері допинг қолданды деп анықтаған Рио Олимпидасының жүлдегерлері:

Гимнаст Симона Байлз. Ол Рио Олимпиасында 4 алтын, 1 қола жүлде алған.

Баскетболшы Елена Делле Донн. Олимпиадада ол алтын жүлдені иеленген.

Сонымен қатар, хакерлер апалы-сіңлі теннисшілер Винус пмен Серена Уильямстерді де допинг қолданса да лицензия алған спортшылар деп жариялады.

Ақпарат жария болғаннан кейін АҚШ Ұлттық гимнастика федерациясы бірден мәлімдеме жасады. Федерация Симона Байлз Американың антидопингтік агенттігі мен ВАДА-ға тыйым салынған препараттарды денсаулығына байланысты қолданатынын растайтын құжаттарды көрсеткенін хабарлаған.

Гимнаст Симона Байлз да препараттарды бала кезден ем үшін қабылдайтынын мәлімдеді.

WADA хакерлік шабуылға Ресейді кінәлап отыр. Алайда Владимир Путинің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік биліктің жүйені бұзуға еш қатысы жоқ екенін айтты.

WADA кей жағдайларда атлеттерге түрлі препараттарды қолдануға рұқсат берілетінін мойындады. Агенттік спортшының денсаулығын алдыңғы қатарға қоямыз деп жауап берді.

«Егер тыйым салынған препарат спортшыға ем үшін қажет болса, онда оған рұқсат етіледі. Бұл «терапия мақсатында қолдану» деп аталады», — делінген агенттіктің ережелерінде.

Сондай-ақ  Fancy Bears хакерлік тобы мәліметтер базасынан алған құжаттардың екінші бөлігін жариялады. WADA бұл құжаттардың  түпнұсқа екендігін растады. Жаңа тізімде биылғы Рио Олимпиадасының 14 медалисі бар, деп жазады ТАСС.

 

ДереккөзBnews.kz