Басты бет Жаңалықтар Димаш Құдайберген The World’s Best шоуынан шығып кетті

Димаш Құдайберген The World’s Best шоуынан шығып кетті

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық The World's Best шоуынан кетті.

Димаш Құдайберген. Фото: Youtube.com

Димаш Құдайберген үшінші турда Adagio композициясын орындады.

Өнер көрсеткеннен кейін әнші қазылар алқасын таңғалдыратын мәлімдеме жасады. Ол шоуға қатысудан бас тартып, қазылар алқасынан түсіністікпен қарауды сұрады. Оның айтуынша, әнші балалармен бәсекеге түсуді қаламайды.

Енді финал үшін жолдамаға қазақстандық Данэлия Төлешова мен үндістандық Лидиян Надхасварам таласады.

The World’s Вest — CBS телеарнасындағы талантты адамдар туралы бағдарлама. Шоудың қазылар алқасының құрамында актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл, актер Ру Пол және ағылшын комигі Джеймс Корден бар. Қатысушылардың өнерін үш негізгі төреші мен әлемнің түрлі еліндегі 50 сарапшы бағалайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version