Басты бет Жаңалықтар Нұртас Адамбайдың «Тараз» фильмі АҚШ кинофестивалінде екі номинация жеңіп алды

Нұртас Адамбайдың «Тараз» фильмі АҚШ кинофестивалінде екі номинация жеңіп алды

Нұртас Адамбайдың "Тараз" фильмі АҚШ кинофестивальдерінде жүлделі орын алды. Бұл туралы қазақстандық продюсер, әрі режиссер өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

Сурет Нұртас Адамбайдың парақшасынан

«АЛАҚАААЙ!!! Қуанышты жаңалық!!! Біздің жаңа «Тараз» деген фильміміз АҚШ-та өткен  Genre Celebration Film фестивалінде бірден екі номинацияны жеңіп алды! «Үздік драмалық фильм» және «Үздік операторлық жұмыс»! Бұл менің драмалық жанрдағы алғашқы туындым, сондықтан аталған жеңіс мен үшін өте маңызды. Фильмнің түсіріліміне қатысқан, бізге сенген, жанкүйер болған барша жандарға алғысым шексіз! «Тараздың» алғашқы фестивалі — бірінші жеңісі! Қараша айында марапаттау рәсіміне барамын! Алға, Қазақстан!,-деп жазды Нұртас Адамбай өз парақшасында.

Фестиваль

Криминалдық драманың тұсаукесері 6 қазан күні болады.

Фильмде: Нұртас Адамбай, Еркебұлан Дайыров, Гүлназ Жоланова, Асан Мәжит, Төлепберген Байсақалов, Жандос Айбасов,Кәмшат Жолдыбаева, Нұржан Садыбеков, Марат Абдуллаев және Әшім Ахметов ойнайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version