Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрінің екі орынбасары қызметінен босатылды

Ауыл шаруашылығы министрінің екі орынбасары қызметінен босатылды

Арман Евниев пен Берік Бейсенғалиев Үкіметтің қаулысымен қызметінен босатылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғимараты. Фото: Ru.sputniknews.kz

Үкіметте кадрлық өзгеріс болды — Ауыл шаруашылығы министрінің екі орынбасары қызметінен босады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арман Қайратұлы Евниев берген өтінішіне сәйкес Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұдан өзге, ҚР Үкіметінің қаулысымен Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев берген өтінішіне сәйкес Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, — деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Ирғалиев Ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылып, Премьер-министрдің өкімімен Премьер-министрінің кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып Мәдина Әбілқасымова тағайындалды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version