Басты бет Жаңалықтар Ақтөбеде өрт шыққан перзентханадан 500-ге жуық адам эвакуацияланды

Ақтөбеде өрт шыққан перзентханадан 500-ге жуық адам эвакуацияланды

Қауіпсіз жерге көшірілген адамдардың арасында 78 нәресте мен 97 ана болған.

Бейтарап фото: Мақсат Шағырбаев

Ақтөбеде перзентханада от шығып, 500-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Бүгін сағат 10.23-те Ақтөбеде перинатал орталықтың жертөлесіндегі матрац жанды. Өрт 10.40-та өшірілді. Барлығы 491 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың 300-ден астамы — перзентхана қызметкері, 97-сі — ана. Олардың арасында 78 нәресте бар. Оқиға орнына 62 өрт сөндіруші мен 11 техника жіберілді. Апат медицинасы орталығы мен Жедел құтқару жасағынан 7 адам, 2 техника барды. Жалпы ауданы 5 шаршы метр аумақ өртенген, — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Перзентхана қызметкерлерінің айтуынша, дәл сол кезде 2 жүкті келіншек босанған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version