«Қазгидромет» РМК синоптиктері 12-14 наурыз күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Мамандардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облысындағы ауа райын антициклон анықтайды. Сондықтан республиканың басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз, ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 0-8 градус жылы, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 12-20 градус жылы болады. Бұл климаттық нормадан 4-10 градусқа жоғары.
Республиканың батыс және қиыр солтүстігінде Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттардың ықпалынан кей жерлерде жауын-шашын жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.