Шымкент жастары «Ninety one» тобының концертіне қарсылық білдіруде

Әлеуметтік желілерде кеңінен тараған видеоүндеуде айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов: «Бізге азғындар емес, азаматтар керек. Бізге құзғындар емес, қырандар керек. Елін сүйген ұландар керек. Әнұранды асқақтатқан атамыздың ұрпақтары жынұранды асқақтатқан «Ninety one» тобының келуіне мүлдем қарсымыз», — дейді.

https://www.youtube.com/watch?v=BuKiK8tyqlE

Әншілерге қарсылық білдірушілердің бірі жас ақынМұқағали Кенжетайұлы: «Қазақтың сахнасында жүрген барлық өнер иесі келіп концертін беріп жатыр. Олардың ешбіріне оңтүстік тарапынан, жастар тарапынан, үлкендер тарапынан қарсылық болмаған бұл күнге дейін. Ал бұл топқа қарсы шығуға жүрегі қазақ деп соққан әрбір азаматтың құқығы бар деп ойлаймын. Олардың сыртқы келбетінен-ақ, біздің ұрпақты азғындыққа тәрбиелеп жатқаны айдан анық көрініп тұр», — дейді.

Бұл видеоүндеуде әнші Заттыбек Көпбосынов, айтыскер ақын Қажымұқан Абзаловпен қатар, өзге де жастар жастар үн қатқан. Қазір видеоүндеу әлеуметтік желілерде қызу талқыға ұласып, пікір екіге жарылып отыр. Ал видеоүндеуді түсірген жастар болса «Ninety one» тобының концертін өткізуге жол бермейміз» деп бекініп отыр.

ДереккөзBnews.kz