Басты бет Жаңалықтар Тимур Шаймергенов пен Айбатыр Жұмағұлов қызметінен босатылды

Тимур Шаймергенов пен Айбатыр Жұмағұлов қызметінен босатылды

Бұрынғы вице-министрлер басқа жұмысқа ауысқан.

Тимур Шаймергенов пен Айбатыр Жұмағұлов. Фото: Primeminister.kz

Ұлттық экономика министрі мен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасарлары лауазымынан босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты: Шаймергенов Тимур Төлегенұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі қызметінен; Жұмағұлов Айбатыр Нышанбайұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.

Айбатыр Жұмағұлов «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version