Тимур Шаймергенов пен Айбатыр Жұмағұлов қызметінен босатылды

Ұлттық экономика министрі мен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасарлары лауазымынан босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты: Шаймергенов Тимур Төлегенұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі қызметінен; Жұмағұлов Айбатыр Нышанбайұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.

Айбатыр Жұмағұлов «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды.