Күшті жел мен жауын-шашын. 7 наурыздағы күн райы туралы мәлімет

«Қазгидрометтің» мәліметі бойынша 7 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерде жауын-шашын түседі, солтүстікте қар жауады. Өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында боран соғады, көктайғақ болады, екпіні секундына 30 метрге жететін және одан асатын жел соғады. Аталған өңірлерде бұл туралы ескерту жарияланды.

Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында тұман түседі, жел күшейеді, көктайғақ болады.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматыға іргелес аудандарда қардың еруінен өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.

7 наурыз күні республикамыздың ірі қалаларында ауа температурасы мына шамада болады:

Астана

1 градус аяз бен 1 градус жылы аралығы

Алматы 

9-11 градус жылы

Шымкент

12-14 градус жылы

Көкшетау

1 градус аяз бен 1 градус жылы аралығы

Ақтөбе

2-4 градус жылы

Ақтау

12-14 градус жылы

Талдықорған

8-10 градус жылы

Атырау

8-10 градус жылы

Қарағанды

3-5 градус аяз

Павлодар

0-2 градус аяз

Петропавл

0-2 градус жылы

Қызылорда

9-11 градус жылы

Орал 

2-4 градус жылы

Өскемен

2-4 градус аяз

Тараз

9-11 градус жылы

Қостанай

1-3 градус аяз

Түркістан

15-17 градус жылы