Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Президент ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ынтымақтастық туралы заңға қол қойды

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Akorda.kz

Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға да қол қойды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version