«Қазгидромет» РМК синоптиктері 6 наурызда ауа райы қандай болатынын хабарлады. Мамандардың болжамына қарағанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Өңірлерде жауын-шашын жауады, солтүстікте қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні күндіз секундына 23-28, кей жерлерде 30 метрден аса күшейіп, боран соғады. Батыс Қазақстан облысында да тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Ақтөбе облысында көктайғақ болып, күндіз жаяу бұрқасын соғады. Жамбыл, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады.
Павлодар облысында жаяу бұрқасын соғады. Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Түркістан облыстарында тұман түседі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында желдің күшеюіне, тұман мен көктайғаққа байланысты, Астанада жаяу бұрқасын, жел мен көктайғаққа байланысты, Атырау, Қызылорда облыстарында тұманға байланысты, Ақтөбе облысында тұман мен желдің күшеюіне байланысты, Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасынға, тұман мен көктайғаққа байланысты, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында қардың еруі мен су деңгейінің көтерілу қаупіне байланысты ескерту жарияланды.
Астана
0-2 градус аяз
Алматы
6-8 градус жылы
Шымкент
9-11 градус жылы
Көкшетау
3-5 градус аяз
Ақтөбе
1 градус аяздан 1 градус жылы
Ақтау
10-12 градус жылы
Талдықорған
6-8 градус жылы
Атырау
6-8 градус жылы
Қарағанды
1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін
Павлодар
2-4 градус аяз
Петропавл
0-2 градус аяз
Қызылорда
6-8 градус жылы
Орал
3-5 градус жылы
Өскемен
1-3 градус аяз
Тараз
5-7 градус жылы
Қостанай
0-2 градус аяз
Түркістан
9-14 градус жылы