Бүгін Қаскелендегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр.
Алдын ала сот отырысы бір сағат бұрын болды. Екі тарап та сот залынан шықты, алайда Баян Есентаеваның өкілдері жауап беруден үзілді-кесілді бас тартты. Айта кетейік, басты сот отырысы 28 қыркүйекте болады.
Сотталушының адвокаты Бекболат Жексеитовтың айтуынша, Есентаевтардың қызы сотта әкесін қорғаушы ретінде қатысып отыр.
«Есентаевтардың қызы сотта әкесін қорғаушы ретінде қатысып отыр (…) Ол әкесінің құқығын қорғайды», — деді адвокат. Іске қатысты басқа деректерді әзірше айтпады.
https://www.youtube.com/watch?v=WCWm9ufVFr8
Осыған дейін Баян Есентаева жұртты дүрліктірген оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат берген болатын. Видеосұхбат Динара Сәтжанның YouTube хостингіндегі арнасында пайда болды.
Еске салайық, Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған.
Күйеуі жазаға тартылғаны да дұрыс .Бірақ қыздары үшін , Баян бір жолға кешірсе .Үлкен қызымен арасы суымауы үшін.Сонда қызы да анасының жағында болады.Халықтың да алдың да Баянның беделі одан сайын арытар еді. Бұл әрекетті Баянның жеңілгені емес, керсінше артынан әр түрлі әңгіме таратқан адамдарды да жеңгені болар еді.
Баяннын Баян болуына жолдасының коскан улеси барибир бар, баршылықты кейде көтере алмай каламыз. Соттау керек соттау керек деп айткан онай, арким ози шешеди го