Кәсіпорынның баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы метросының «Сайран», «Байқоңыр», «Алатау», «Мәскеу» бекеттерінде қоғамдық дәретхана бар. Оларды қолдану үшін осы бекеттердің метрополитен қызметкерлерінен рұқсат сұрау қажет.

Дәретхана — метродағы бейнекамерасы жоқ жалғыз аймақ. Лаңкестік әрекеттерден сақтану мақсатында дәретхана ашу метроның  барлық бекетінде қарастырылмаған. Бірақ қазір салынып жатқан «Сарыарқа» және «Достық» станцияларында ерлерге, әйелдерге және әлеуметтік әлжуаз топтарына арналған қоғамдық дәретхана болады.

Метрода қоқыс жәшіктерінің орналастырылмауына да адамдардың қауіпсіздігін сақтау талабы себеп.

Адамдардың көп жиналатын орындарында (әсіресе, жабық кеңістікте) қоқыс жәшіктері — лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыру үшін жарылғыш заттарды орналастырудың оңай жері — дейді КМК «Метрополитен» КМК баспасөз қызметінің өкілдері.

«Метрополитен» кәсіпорны мамандарының айтуынша, жерасты қоғамдық көлігінде қоқыс жәшіктерін орналастырмау туралы еліміздің «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылдың 13 шілдесіндегі № 416-I заңының 10-2 және 10-3 баптарында жазылған. Бұл заң бойынша террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау үшін олардың терроризмге қарсы қорғалуының деңгейін, соның ішінде, алдын алу шараларын арттыру жөніндегі құқықтық, ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық, арнайы, күзеттік және өзге де шаралар жүзеге асырылады.

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Varun Kumar)

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!