Болат Қалианбеков «Алматы» телеарнасына басшы болып тағайындалды. Бұл туралы телеарнаның сайтында жарияланды.
Болат Қалианбеков 1979 жылы туған. Қарағандыдағы Е.Букетов атындағы мемлекеттік университетті саясаттану мамандығы бойынша бітіріп, 2006 жылға дейін өңірдегі мемлекеттік құрылымдарда еңбек етті.
2006-2009 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Ақпарат комитетінде қызмет етті. 2009 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің Ақпарат саласы секторына жетекші болып тағайындалды.
2019 жылдың ақпанына дейін ҚР Жоғарғы соты жанындағы Соттар қызметтерін қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болды.
ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған.