Whang Youn Dai Achievement Award аталымын халықаралық Паралимпиада комитеті тағайындады, егерде Зүлфия Ғабидуллина жеңіске жетсе, таза алттыннан құйылған 75 грамдық медальмен марапатталады. Сыйлық мүмкіндігі шектеулі адамдардың спортты дамытуға үлесін атап көрсетеді.
ҚР Паралимпиада ұлттық комитетінің мәліметтеріне сәйкес қазақстандықтың бәсекелестері американдық Татьяна МакФаден мен бразилиялық спортшы Вероника Сильва Хиполито болып отыр.
Бұл аталымға барлығы үш үздік спортшы-ер адам мен үш үздік спортшы-әйел қатысады.
Жеңімпаздың есімі 15 қыркүйекте белгілі болады, ол 18 қыркүйекте өтетін Паралимпиада ойындарының жабылуында тапсырылады.
Зүлфия Ғабидуллина Қазақстан үшін Рио-дағы Паралимпиадада алғашқы алтынды жеңіп алды. 50 жастағы спортшы 100 метрлік қашықтыққа еркін әдіспен жүзуде бірінші болып мәреге жетті.