Экс-министр Ерлан Сағадиев енді немен айналысатынын айтты

Бұрынғы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Тengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ведомствоның қазіргі басшысы туралы пікір білдіріп, енді немен айналысатынын айтты.

Ерлан Сағадиевтің айтуынша, қазіргі Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова — көп жетістікке қол жеткізген білімді де тәжірибелі маман.

Білім беруде ол менен көп біледі деп ойлаймын. Біздің мектеп жүйесінің прототипі болған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бастауында тұрды. Қажет болса, мен көмектесуге әрқашан дайынмын, бірақ БҒМ қазір өз принциптері мен идеяларын қорғай алатын өте еңбекке қабілетті, прогрессив команда деп есептеймін, — деді Ерлан Сағадиев.

Экс-министр келер жылға дейін жеке шаруаларымен айналысатынын айтты.

2020 жылдың қаңтарында менің Гарвардтағы бағдарламам басталады, онда мен оқуымды аяқтамаған едім. Оған дейін үй шаруашылығын реттеп, мектепте оқитын балаларыма қарағым келеді, — деді Ерлан Сағадиев.

ДереккөзTengrinews.kz