Басты бет Жаңалықтар Елжан Біртанов Таразда зардап шеккендердің жағдайынан хабардар етті

Елжан Біртанов Таразда зардап шеккендердің жағдайынан хабардар етті

Таңертең бас-ми жарақатын алған бір балаға операция жасалған.

Оқиға орны. Фото: Zakon.kz

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Таразда жарылыс кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Үш адам қаза тауып, үш адам ауруханада жатыр. Мен съезге дейін дәрігерлермен сөйлестім, бір бала бас-ми жарақатымен ауыр халде жатыр. Сол кезде операцияға дайындалып жатты. Зардап шеккендер министрлік пен Жамбыл облысының денсаулық сақтау органдары тарапынан барлық қажетті көмекті алып отыр, — деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, зардап шеккендердің жағдайы әзірше санитарлық авиация көмегін қажет етпейді.

Көп дәрежеде күйік шалған пациент бар, ол жіті ем алып жатыр. Жағдай бақылауда. Жағдайлары қалыпқа келгеннен кейін оларды орталық клиникаларға тасымалдауға дайынбыз, — деді министр.

Таразда төтенше оқиға 27 ақпан күні сағат 06.21-де болды. Жарылыстан көпқабатты үйдің 1-3-қабаты құлап қалды. Алдын ала мәлімет бойынша жарылыс газ жабдығын дұрыс қолданбау салдарынан болған. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев марқұмдардың отбасына көңіл айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version