Басты бет Жаңалықтар Президент тапсырмасы: 40 мың пәтер мен пайызы аз несие

Президент тапсырмасы: 40 мың пәтер мен пайызы аз несие

Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасылардың баспаналы болу мүмкіндігін кеңейтуді тапсырды.

Фото: Еgemen.kz

Көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Съезд барысында Президент Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасын кеңейтіп, оның аясында көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салуды тапсырды. Бұл шараға жыл сайын 50 миллиард теңге бөлінеді.

Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылардың ішіндегі аз қамтылған отбасыларға басымдық бере отырып 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырамын. Бұл мақсатқа таяу 7 жылда жыл сайын 50 миллиард теңге бөлінеді, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға пәтер сатып алудың қолжетімділігін арттыруды да тапсырды.

Бұл санаттағы азаматтарға тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3%-бен тұрғын үй заемын беру жеңілдіктері тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаражат қажет болады және оған жыл сайын 50 миллиард теңге бөлуді тапсырамын, — деді Президент.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version